• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Медицина 01 Тамыз, 2018

Шекара қызметінің «Солтүстік» басқармасы жыл басынан бері  37 ұрланған көлікті ұстаған

322 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде  «Солтүстік» басқармасы жабдықтау бөлімінің бастығы, подполковник  Марат Сейітов мәлімдеді. Тек Қостанай өңіріндегі шекара бекеттерінен ғана жыл басынан  бері ұрылардың 12 ұрланған машинаны шекара асырмақ болған ойларын іске асырмай тастаған.

 – Олар әйтеуір жеңіл машина емес, барлығы дерлік «Тойото Лэнд Крузер», «Тойото RAV-4»6 «Тойото Камри 50», «Тойото Прадо», «Нисан Рав 4», «Ланд Ровер», «Лексус LX-450 D», «Лексус RX-270», «Лексус  ЛХ 570» сияқты бірнеше миллион теңге тұратын шет елдік жүрдек көліктер. Біздің шекарашылар олардың барлығын ішкі істер органдарына табыс етеді, ары қарай солардың  жұмысы жалғасады, – дейді Марат Сейітов.

Жыл басынан бері шекарашылар  «Обаған» және «Қайрақ» шекара бекеттерінен тек машина ғана емес, 400 тасбақаны,  15 тотықұсты,  киіктің 97 дана мүйізін, аңшы пышағы мен «Байкал» тапаншасын шекарадан асырмай, ұстап қалды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай